Араб елі соңғы он жылда болмаған табыс тапты
Араб елі соңғы он жылда болмаған табыс тапты
1 жыл бұрын 1028 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кувейттің ұлттық мұнай компаниясы (Kuwait Petroleum Corporation, KPC) наурыз айының 31-і күні аяқталған 2022-2023 қаржылық жыл қорытындысы бойынша соңғы он жылда болмаған табыс тапқан – 2,6 млрд  кувейт динар (8,5 млрд доллар). Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш компанияның бас директоры Науап Сауд ас-Сабақ мәлімдемесіне жөн сілтеген ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл мерзімде (2022-2023 ж.) Kuwait Oil Company және Kuwait Gulf Oil Company өндіріс қуатын тәулігіне 200 мың баррелден асыра алған екен. Кувейттің жалпы өндірістік қуаты тәулігіне 2,8 млн баррелді құрап отыр. 2035 жылға қарай Кувейт билігі мұнай өндіруді тәулігіне 4 млн баррелге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, осы жылдың соңына дейін Омандағы «Ад-Дукм» мұнай өңдеу зауытын коммерциялық мақсатта пайдалануға берілмек. Осылайша, корпорацияның Омандағы, сондай-ақ, Вьетнам мен Италиядағы зауыттарда мұнай өңдеу қуаты тәулігіне 600 000 баррелден аспақ.

0 пікір
Мұрағат