Араб елі шетелдіктерге бірқатар шектеу енгізеді
Араб елі шетелдіктерге бірқатар шектеу енгізеді
1 жыл бұрын 671 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қыркүйек айының 1-нен бастап Кувейт ел аумағында тұрып жатқан шетелдіктерге қатысты бірқатар шектеу енгізеді. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, су мен жарық ақысын төлемегендер елден шыға алмайды. Кувейттің энергетика және су ресурстары министрлігі ішкі істер министрлігімен осындай ортақ шешім қабылдады. Елдегі экспатттардың 70%-ы уақытылы төлемеген коммуналдық төлемдерді өндіріп алудың жолдарын қарастырып жатыр. Аталған араб елі шетелдік азаматтар мен мигранттарға кешіктіріп төлеуіне мүмкіндік беретін мемлекеттік жүйенің тиімсіздігінен коммуналдық қарыздың көбейіп кеткеніне алаңдаулы. Осы орайда 2023 жылдың мамыр айында Кувейттің ІІМ-і мемлекетаралық еңбек келісім-шартында көзделген талаптарды бұзғаны үшін филиппиндіктерге еңбек визасын беруді тоқтатқанын айта кетпекпіз. Кувейтте 268 мыңға тарта филиппиндік азамат тұрып жатыр және жұмыс істеп жүр.

0 пікір
Мұрағат