Араб елі Рамазан айында қысқартылған жұмыс режиміне көшеді
Араб елі Рамазан айында қысқартылған жұмыс режиміне көшеді
1 сағат бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Рамазан айында жұмыс уақытын қысқарту Біріккен Араб Әмірлігінде тек мемлекеттік секторда ғана емес, сонымен қатар, эекеменшік секторда да орындалуы міндетті шара. Өйткені, қасиетті айда жұмыс уақытын қысқарту елдің еңбек заңнамасында бекітілген. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Еңбек қатынастарын реттеу туралы» 2021 жылғы № 33 федералдық декрет-заңына және министрлер кабинетінің 2022 жылғы № 1 қаулысына сәйкес қасиетті айда жекеменшік компаниялардағы жұмыс күнінің ұзақтығы екі сағатқа қысқартылуы тиіс. Норма қызметкерлер мен жұмысшылардың дініне және ауыз бекіткеніне немесе бекітпегеніне қарамастан барлық қызметкерлерге қолданылады. Талапты орындамау заңды бұзу ретінде бағаланады және еңбек ресурстары және әмірлеу министрлігі (MoHRE) тарапынан әкімшілік айыппұл салынады. Рамазан айында қысқартылған кестеден тыс жұмыс істеген сағаттар мерзімнен тыс болып есептеледі. Яғни, артық сағат жұмыс істеген болып есептеледі және қосымша ақы есептелуі тиіс. Егер қысқартылған жұмыс уақыты күндіз ұзартылса, жұмыс істеген адамға базалық мқлшерлемеге шақққанда кем дегенде 25% қосымша ақы есептеледі. Ал түнгі ауысымдағылар үшін бұл көраеткіш - 50%-ден төмен болмауы керек. Сарапшылар ораза айындағы қысқартылған жұмыс күні режимі еңбек өнімділігін сақтауға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр. Аталған араб еліндегі шетелдік компаниялар еңбек заңнамасындағы бұл өзгертуден хабардар болғандықтан мұндай жұмыс режимін өздерінің жылдық жоспарына кіргізіп қояды. 

0 пікір
Мұрағат