Араб елі психикалық ауытқуы бар науқастарға қатысты заңды халықаралық стандарттарға сай етіп қабылдады
Араб елі психикалық ауытқуы бар науқастарға қатысты заңды халықаралық стандарттарға сай етіп қабылдады
2 жыл бұрын 1691 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің министрлер кабинеті психикалық аурудан немесе ауытқудан зардап шегетін науқастардың құқығын айқындайтын әрі оларға жәрдем көрсетуге кепілдік беретін психикалық денсаулық сақтау туралы федералды заң жобасын шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заңда лицензиясы жоқ психиатрларға өз қызметін ұсынуға тыйым сала отырып, пациенттің қоғаммен етене араласуына мән берілген, соның ішінде пациент және онымен қарым-қатынастағы тұлғалар арасындағы өзара әрекетін реттейді. Сонымен қатар, жаңа заң кәмелетке толмағандарға көмек көрсету кепілдіктерін енгізеді, осы саладағы соңғы тәжірибелер мен тұжырымдамаларға сәйкес «психикалық денсаулық» және «психиатриялық науқас» терминдеріне анықтама берілген. Пациенттер кез келген психикалық денсаулық сақтау мекемесінде өз құқықтары мен емдеу жоспарлары туралы толық ақпарат ала алады, сондай-ақ, шағымдар жаза алады. Бұдан бөлек, емделушілердің жұмыс орындары сақталады, олардың басындағы жағдайды пайдаланып, өзге біреулердің пайдалануына жол берілмейді. Психикалық науқастың медициналық сақтандыруға, білім алуға және ойын-ауық пен өзге де іс-шараларға қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған. Пациент өзіне қамқоршы болатын адамды өзі таңдайды. Әрбір әмірлікте пациенттің тиісті ем-домын алып жүргеніне мониторинг жүргізетін және олардың шағымын қарайтын арнайы комитет құрылады.

0 пікір
Мұрағат