Араб елі пластиктен толық бас тартады
Араб елі пластиктен толық бас тартады
2 жыл бұрын 2466 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: ohga.it

Біріккен Араб Әмірліктері 2023 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап пластик пакетті пайдаланудан толық бас тартты. Бұл жайында islam.kz порталы russianemirates.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сондай-ақ, пластик пакетті өндіруге, таратуға және импорттауға тыйым салынады. Аталған араб елінде, сонымен қатар, 2026 жылдың қаңтардың 1-не дейін пластиктен жасалған кесе, тәрелке, ас құралдары, ыдыстар мен қораптар, қасықтар, шанышқылар, пышақтар, сабандар мен таяқшаларды пайдалануға тыйым салу жоспарлануда. Компаниялардан темекі өнімдерін, дымқыл майлықтарды, шарларды және басқа да өнімдерді орау үшін бір рет қолданылатын материалдар өндірісін қысқарту талап етіледі. Аталмыш тыйым азық-түлік пен тағам өнімдерінің балғындығын сақтауға арналған полиэтиленге қолданылмайтыны атап өтілді. Бұл шаралар өз кезегінде қоршаған ортаны пластикпен ластануына жол бермес үшін қолға алынады. Бір жолғы пластик заттар мен бұйымдар теңіз жануарларының өлімінің ең көп тараған себептерінің бірі болып табылады. 2025 жылға қарай мұхиттағы әрбір үш тонна балыққа бір тонна пластиктен келеді. Айта кетейік, 2019 жылдың ақпанында өткен бүкіл әлемдік үкіметтер саммитіндегі баяндамада келтірілген дерекке сәйкес БАӘ жыл сайын 11 миллиард полиэтилен пакетін пайдаланады, бұл көрсеткіш дүние жүзіндегі орташа 307 қаппен салыстырғанда жан басына шаққанда 1184 қапқа тең. Бұдан бөлек, Таяу Шығыста пластик өндіруден Израил көш бастап тұрғанын айта кеткен жөн: жыл сайын аталған елде бір жолғы пластик ыдыстар өндірісіне 500 млн-нан аса доллар қаражат жұмсалады екен. Израилдің оршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметі бойынша израилдіктер Еуропалық одақ тұрғындарымен салыстырғанда бір реттік пластикті 5 есе көп пайдаланады.

0 пікір
Мұрағат