Араб елі өзгелердің дерегін жариялағандарға қандай жаза қолданылатынын жария етті
Араб елі өзгелердің дерегін жариялағандарға қандай жаза қолданылатынын жария етті
1 жыл бұрын 749 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің прокуратурасы ел аумағында киберқылмыспен күрес туралы заңды бұзғандарды қандай жаза күтіп тұрғанын ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы russianemirates.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, өзге біреудің мәліметін жариялағандар (бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде, т.б.) бес жылдан бастап бас бостандығынан айырылады. Ал кәсіпорынның қаржылық, коммерциялық немесе экономикалық дерегіне қол сұққандарға 500 мыңнан 3 млн дирхамға дейін айыппұл салынады. 2021  жылы  қабылданған Қауесетпен және киберқылмыспен күрес жөніндегі №. 34 федералды декрет заңының 8-ші бабына сәйкес кәсіпорынның құпия дерегін қолды қылғандарға, сатып алғандарға, өзгерткендерге, жойғандарға, жария еткендерге, түзеткендерге, т.б. аса ірі мөлшерде айыппұл салынады. Ал адамдардың жеке өмірімен байланысты мәліметтерді жариялағандарға 500 мың дирхамға дейін айыппұл салынады. Бұдан бөлек, адамның жеке мәліметтерін жариялау арқылы оның абыройына нұқсан келтірсе немесе оның психикалық немесе жалпы денсаулығына залал келтірсе, кем дегенде алты айға бас бостандығынан айырылады. Соның ішінде адамның жеке мәліметтеріне оны аңдып, тыңшылық жасау, сөйлеген сөздерін немесе жазбасын, фото және видео мәліметтерін жариялау жатады. Бұған қоса, қандай дда бір апат кезінде, жол қозғалысы кезіндегі апат  құрбандарын, жарақат алғандарды фото немесе видео арқылы таспаға тартып алып жариялағандар да, жала жапқандар да 500 мың дирхамға дейін айыппұл «арқалайды».

0 пікір
Мұрағат