Араб елі неке бұзылған жағдайда мәһрді қайтарудың ережесін бекітті
Араб елі неке бұзылған жағдайда мәһрді қайтарудың ережесін бекітті
3 ай бұрын 1269 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі неке бұзылған жағдайда мәһрді қайтарудың ережесін бекітті. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы жылдың сәуір айында қолданысқа енген жеке бастың мәртебесіне қатысты федералды заңда отбасы қатынасындағы даулы мәселелердің бірін реттейтін норма қарастырылған. Әдетте аталған елде неке қидыру жоралғысында алтын мен ірі сомадаға ақшадан бастап түрлі, қымбат зергерлік бұйымдарға дейін қалыңдыққа сый тарту етіледі. Егер олардың арасындағы қатынас неке қидырмай тұрып тоқтаса, бұрынғы күйеу жігіт пен қалыңдық бір-біріне тарту еткен сыйлықтарын қайтарып алу қамымен сотқа жүгініп жатады. Жаңа ереже талаптарына сәйкес сыйлық құны 25 мың дирхамнан асқан жағдайда ғана қайтарылады. Егер олардың арасындағы қатынас тараптардың себебінсіз бұзылатын болса (мәселен, олардың біреуі кенеттен қайтыс болса, т.б.) сыйлық алған жақта қалады. Неке қидырмай тұрып берілген мәһр сол күйінде (заттай, т.б.) немесе ақшалай қайтарылады (құны есептеледі). Егер неке қидырмай тұрып берілген мәһр үйлену тойының жабдығына жұмсалса, бір-бірінен қатынасты тоқтатқан тараптар өзара келісіп, ішінара қайтарылуы мүмкін. Осылайша неке қидыру кезіндегі жиі орын алатын ең даулы мәселені реттеуге мүмкіндік беретін құқықтық тетік іске қосылады.

0 пікір
Мұрағат