Араб елі контентке қадағалауды әрі орынсыз жазбаларға қатысты жазаны күшейтіп жатыр
Араб елі контентке қадағалауды әрі орынсыз жазбаларға қатысты жазаны күшейтіп жатыр
2 күн бұрын 597 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің тұрғындары әлеуметтік желілерде азғындыққа бастайтын немесе анайы контентті, сондай-ақ, қоғам мен оның құндылықтарына қарсы, соның ішінде ұлтаралық және нәсілдік араздықты қоздыратын, мемлекеттік рәміздерін қорлайтын, т.б. материалды жарияласа, тек айыппұлмен құтылып қоймайды, кінәлі тұлғаның үстінен қылмыстық іс қозғаалатын болады. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БАӘ заңнамасында қарастырылған талаптарға сәйкес мұндай материалды жариялағандар ғана емес, сонымен қатар, осындай материалды бөліскендер де жауапкершілікке тартылып, жазаланады. Бұл тарапта құқық бұзғандарға 1 000-нан 1 миллион дирхемге дейін айыппұл салынады, ал қайталап бұзған жағдайда айыппұл екі еселенуі мүмкін. Бұл шаралар жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қатысты. Заңды бұзатын ұйымдардың жұмыс істеуге арналған лицензиясы қайтып алынады, яғни, ел аумағында жұмыс істеу құқығынан айырылады. Бұдан бөлек, өзге біреуге жала жабу да қылмыстық іске жататынын айта кетпекпіз. Жала жабу арқылы елдің алдында абыройына нұқсан келтіргені үшін жазаланады. Дәлірегі, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылып қоймай, 20 мың дирхемге дейін айыппұл «арқалайды» - егер жазбаша түрде жала жапса. Ал ауызша жала жапса, 1 жылға дейін абақтыға жабылып, 20 мың дирхемге дейін айыппұл төлейді. Егер мемлекеттік қызметкерге немесе оның отбасына бұқаралық ақпарат құралдарында жала жапса, қатаң жаза қолданылады. Соның ішінде БАӘ-нің 2021 жылғы № 34 киберқылмыспен күрес туралы заңы бойынша интернеттегі жала жабу қылмыстық іс санатына жатқызылады. Оған: қылмысқа қатысы бар деп, жалған айып тағу; айтып отырған адаамына тән емес мінез-құлықты таңатын негізсіз мәлімдемелер; сыбыс немесе қауесет тарату жатады. БАӘ тұрғындары немесе сол елге қандай бір іссапармен немесе қызмет бабымен барғандар да, меймандар мен туристер де адамның келісімінсіз жеке сөйлескендегі сөздерін жазуға тыйым салынғанын есте сақтауы тиіс; оңаша орындарда отырғандағы адамдардың фотосуреттерін олардың рұқсатынсыз жариялау; тіпті, шындық болса да жеке ақпаратты жария етуге тыйым салынады. Құпиялылық ережесін бұзғаны үшін белгілі бір мерзімге түрмеге қамалады, айыппұл төлейді, құрылғылары тәркіленеді және заңсыз алынған ақпарат жойылады.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6