Араб елі кәмелет жасына толмағандармен арадағы некеге қатысты талапты күшейтті
Араб елі кәмелет жасына толмағандармен арадағы некеге қатысты талапты күшейтті
2 сағат бұрын 60 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі кәмелет жасына толмағандармен арадағы некені реттейтін ереже таоаптарын қатайтты. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай өзгеріс ең алдымен жасөспірімдердің мүддесін қорғау бағытындағы соттар тарапынан бақылауды күшейту әрі қосымша тексеру шараларын жүргізу мақсатында қолға алынып отыр. Жаңартылған нормаларға сәйкес бұрынғыдай, яғни, соттың рұқсатынсыз 18 жасқа дейін некеге тұруға тыйым салынады. Алайда, енді мұндай рұқсатты алу процесінің өзі айтарлықтай күрделене түсті. Сот арызды жай ғана қарап қоймай, некенің кәмелетке толмағанның мүддесіне шынымен қайша келмейтініне назар аударып, жаасөспірімнің өмірі мен денсаулығына және психикасына қауіп төндірмейтініне көз жеткізуге міндетті. Негізгі жаңалықтардың біріне осындай жағдайларды алдын ала қарайтын арнайы комитеттің құрылуын жатқызуға болды. Бұл орган істі сот қарамастан бұрын алдында некелесуші тараптардың өтінішін талдайды, екі тараппен де сұхбат жүргізеді және тиісті құрылымдармен өзара жұмыс істейді. Арнайы комитет егжей-тегжейлі әлеуметтік есепті дайындайды: ол некелесуші тараптардың қаржылық жағдайын, денсаулығын, психологиялық жай-күйін және тұрмыс деңгейін бағалайды. Сондай-ақ, некелесуге өтініш берген кәмелетке толмағанның мұндай маңызды қадамға қанндай да бір сыртқы күштердің (болашақ күйеуі немесе қалыңдыңы, өз туған-туыстары, т.б.) ықпалынсыз барып отырғанына көз жеткізуі тиіс. Сонымен қатар, өзге де құжаттарға қойылатын талаптар күшейтілді. Енді өтініш берушілер дене бітімінің жетілгендігі және денсаулыққа қауіп төндірмейтіндігі туралы медициналық қорытындыларды, психологиялық тұжырымдарды, жазбаша келісім, қаржылық жағдайын растйтын, сондай-ақ, соттылығының жоқтығы туралы анықтама беруге міндетті. Қосымша өзгерістер сот рәсімдеріне қатысты: тараптар шешім шыққанға дейін комитеттің қорытындысын даулауға мүмкіндік алды. Егер сот некелесуші тараптардың қалауынан өзгеше шешім қабылдаса, ол мұны негіздеуге міндетті. Апелляция тетігі де енгізілді - шешімге жеті күн ішінде шағымдануға болады. Бұдан басқа, егер жаңа жағдайлар туындамаса, алғашында тараптардың бірі бас тартқан өтінішті қайта беру уақыты тек алты айдан кейін ғана мүмкін болады. Бұл ереже кәмелетке толмағандар мен олардың отбасыларына қысым көрсетуді болдырмауға бағытталған.

0 пікір
Мұрағат