Араб елі жұма күнін демалыс күні деп жариялайды
Араб елі жұма күнін демалыс күні деп жариялайды
3 ай бұрын 1153 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің билігі жұмыс аптасын одан ары қысқарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Al-Arabiya ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Осыдан үш жыл бұрын Дубайда жұма күні жұмысшылар жұмысты сағат 12:00-де бітіретіндей етіп, жұма намазына уақытында жиналуы үшін екі есе қысқартылды. 2022 жылы Шарждағы жұмыс аптасы 4 күнге қысқартылып, жұма күндері демалыс деп жарияланды. Тамыз айының 12-де Дубай билігі де жазғы маусымда  қыркүйектің 30-на дейін мемлекеттік қызметкерлер үшін төрт күндік жұмыс аптасын енгізген еді, өйткені, жазда 40 градустан асатын аптап ыстықта жұмыс істеу қиынға соғады. Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі қазір жұмыс уақытын қысқартудың нәтижелерін бағалау негізінде бүкіл ел бойынша төрт күндік жұмыс аптасын қолдану жолдарын, сондай-ақ, жұмыс күнін 9 сағаттан 7 сағатқа дейін қысқарту мүмкіндігін қарастыруда.  Madison Pearl рекрутингтік агенттігінің директоры Мұрсалы Хауаждың пікірінше, жұмыс уақытының қысқаруы «еңбек өнімділігіне кері әсерін тигізбейді әрі жұмысшыларға психологиялық тұрғыдан оң әсерін тигізген».

0 пікір
Мұрағат