Араб елі жала жапқандарды қылмыстық жауапкершілікке тартатынын ескертті
Араб елі жала жапқандарды қылмыстық жауапкершілікке тартатынын ескертті
5 ай бұрын 589 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің билігі әлеуметтік желілер мен бизнес-платформалардағы жала жабатын жазбалар мен өзге формадағы материалдар үшін аз мөлшерде айыппұл салу жазасын жойып, қылмыстық жаза енгізеді. Ел тұрғындары мен меймандар үстінен қылмыстық іс қозғалмауы үшін теріс пікір білдіру мен жала арасындағы айырмашылықты ажырата алуы керек. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қандай бір фактіге сүйеніп, өзге біреуге жала жапқан тұлға екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 20 000 дирхам мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін. БАӘ билігі мұндай қадамға адамдардың абыройына нұқсан келтіруі мүмкін айыптаулардан немесе мәлімдемелерден қорғау үшін барып отыр. Егер мерзімді басылымда немесе өзге бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабылса, бұл әрекет қылмысты ауырлатып, қатаң жазаға әкелуі мүмкін. БАӘ киберқылмыс заңнамасында жалған ақпарат таратуға қатаң тыйым салынады. Мұндай құқық бұзушылар кем дегенде бір жылға бас бостандығынан айырылады және кемінде 100 000 дирхам айыппұл төлейді. Мұндай қылмыс пандемия, төтенше жағдай немесе қандай да бір дағдарыс кезінде жасалған болса, жаза мерзімі ұзарады - екі жылға бас бостандығынан айырады және айыппұл мөлшері кемінде 200 000 дирхам дейін өседі.

0 пікір
Мұрағат