Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
2 сағат бұрын 42 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің билігі жұмыс істейтін аналардың мансап пен отбасы арасындағы байланысты үзіп алмауына бағытталған ауқымды өзгерістерді еңбек заңнамасына енгізуге ден қойып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Time Out Dubai ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің федералды ұлттық кеңесінің (FNC) мүшелері он жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған аналар үшін икемді жұмыс кестесіне және қашықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін бастама көтерді. Бұдан бөлек, ерекше қажеттілігі бар, яғни, мүмкіндігі шектеулі жанға қарап отырған, өз бетінше жүріп-тұра алмайтын қарттарға қамқор болып отырғандарға да осындай саясат ұстануға шақыруда. Бұл арада еңбек заңнамасы бойынша қашықтан жұмыс істейтін аналар да толық күн жұмыс істейтін әріптестеріндей жалақысын сақтайды. Отбасы істері жөніндегі министрлік өткен жылдың соңына таман бұл тарапта бірқатар іс-шаралар атқарылып жатқанын жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат