Араб елі азаматтық туралы заңды қатайтады
|
2024 жылдың желтоқсан айының 10-ы күні шығарылған жарлыққа сәйкес натурализация (Натурализация - өтініш берушінің немесе оның қамқоршыларының өз еркімен қалауына негізделген азаматтық алудың құқықтық процесі. Азаматтыққа қабылдау тәртібі мемлекеттің заңнамасымен реттеледі – Уикипедия электронды энциклопедиядан) жолымен Кувейт азаматтығын алған шетелдіктер енді азаматтықты өз ерлі-зайыптыларына автоматты түрде бере алмайды. Заңнамаға енгізілген түзетулер балалардың азаматтығына және азаматтықтан бас тарту ережесіне де қатысты қолданылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде FAMILY AND KIDS ақпарат көзіне жөн сілтеген Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заңда, сондай-ақ, Кувейт азаматтығын алаяқтық жолмен, жасанды төлқұжат жасату арқылы немесе жалған мәлімдеме негізінде алғандардың азаматтығын жоюдың жай-жапсары қарастырылған. Бұдан бөлек, елдегі көрнекті діни тұқлғалар мен мемлекет қайраткерлеріне жала жапқандарды қоса алғанда өзге де ауыр қылмыс жасағандар азаматтығынын айырылады. Сонымен қатар, натуралдананған Кувейт азаматтарының балалары автоматты түрде кувейттік азамат болып саналады, десе де олар кәмелет жасына жеткеннен кейін бір жыл ішінде өздерінің бастапқы ұлтын таңдауға құқылы болады. Егер олар өздерiнiң кувейттiк ұлтын сақтау туралы шешiм қабылдаса, онда оларға заңның тиiстi ережелерi қолданылатын болады. Бұдан бөлек, заңға енгізілген түзетулерге сәйкес шетелдік әкелері қайтыс болған, түрмеде отырған немесе анасынан ажырасқан Кувейт әйелдерінің балаларын кәмелет жасқа жеткенше Кувейт азаматтары деп санауға мүмкіндік беретін маңызды ереже енгізілді. Бұл Кувейт отбасыларының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және балалардың білім алуына, т.б. қоса алғанда, маңызды жеңілдіктерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.