|
Араб елі әскери борышты қайта енгізбек
|
Иордания жалпыға ортақ әрі міндетті әскери қызметті 33 жылдан бері алғаш рет қалпына келтірмек. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тақ мұрагері Хұсейн бұл шешімін Ирбид провинциясында өткен жастармен кездесуінде мәлімдеді. Сарапшылардың пікірінше, ханзаданың мұндай қадамға баруына Таяу Шығыстағы шиеленіс пен геосаяси ахуалдың күрделі сипат алғандығы себеп болып отыр. Бұдан бөлек, Иордания билігі израилдіктердің Иордан өзенінің шегінен тыс аумақты басып алу қатерінен қауіптенеді. Ал ханзаданың өзі мұндай шешімге келуіне жастардың отанмен байланысын әрі ұлттық бірегейлікті нығайту маңызы итермелегенін тілге тиек еткен. Аталған араб елінің премьер-министрі Жапар Хасан әскери борыш турады заңға енгізілетін түзету парламентте шұғыл қарастырылып енгізілгенін, ал қаржының келесі жылдан бастап, яғни, 2026 жылы бюджеттен бөлінетінін нақтылады. Міндетті әскери қызмет мерзімі – 1 жыл. 25-29 жас аралығындағылар шақырылады. Алдымен 1995 жылы дүниеге келгендер әскер қатарына шақырылады. Осы орайда міндетті әскери қызмет бұл елде 1992 жылы тоқтатылғанын айта кетпекпіз. Дәлірегі, Израилмен арада бейбіт келісімге қол қойылғаннын кейін.