Араб елі әлемдегі босқындарға онлаин білім беру жобасын қолға алады
Араб елі әлемдегі босқындарға онлаин білім беру жобасын қолға алады
2 жыл бұрын 1590 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: kawa-news.com

Дубай билігі 2026 жылға дейін әлемнің әр түкпірінде босқын атанған балаларға арналған білім берудың онлаин платформасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталмыш платформа бір миллион босқын баланы қамтымақ. 2020 жылы көтерілген бұл бастама биыл әлемнің босқындар қарасы көп бес елінде нақты жүзеге асырылып жатыр: Мысыр, Иордания, Ирак, Мавритания және Колумбия. Аталмыш цифрлы мектептен бүгінгі таңда 20 мың бала білім алып жатыр, бұдан бөлек, бұл платформада 500 мұғалім курстен өткен. Бұл айтылғандардан бөлек араб, ағылшын, француз және испан тілдерінде білім беруді ұйғаратын 120 білім беру орталығын салу жоспарлануда. Цифрлы мектеп – осы заманғы озық технологияға негізделген жоба; аталған жоба Дубай қаласында орын тепкен Dubai Cares, Біріккен Араб Әмірлігінің қызыл жарты ай қоғамы және білім және адамның даму мәселелеріне жауапты басқарма секілді ұйымдардың бірлескен жобасы. Бұл жобаға, сондай-ақ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және Гарвард секілді 35-тен аса халықаралық білім беру және ғылыми ұйымдары атсалысады. Бұл бастама босқындар лагерінде және әлемнің әр түкпіріндегі шалғай аудандарда оқу орталықтарын құруға бағытталған. Осылайша, жобаға жауапты органдар жергілікті қауымдастықтың көмегімен онлайн оқытудың технологиялық мәселелерін, соның ішінде интернет иглігін пайдалану жолындағы кедергілерді еңсеру пролемасын шешуге атсалысады.

0 пікір
Мұрағат