Араб елі адам құқығының халықаралық нормаларын қолданысқа енгізеді
Араб елі адам құқығының халықаралық нормаларын қолданысқа енгізеді
11 ай бұрын 869 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам құрудың тағы бір тегеурінде шарасын қолға алды, дәлірегі, өмірдің барлық саласына, атап айтқанда, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, саяси, мәдени, т.б. салаларда адам құқығы ескерілетін «Адам құқығы жөніндегі одақ» атты қауымдастық құратынын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ұйымның штаб-пәтері Әбу-Даи қаласында орналасады. Оның қызметі күллі БАӘ аумағын қамтымақ. Бұл бағытта адам құқығының сарапшылары мен халықаралық құқық қорғаушыларға мемлекет тарапынан ұсынылатын ұлттық есебі бойынша кеңес беру қызметі көрсетіледі. Сондай-ақ, адам құқығы бойынша сауат ашу шаралары, соның ішінде, шеберлік сабақтары мен семинарлар, арнайы дәрістер, т.б. ұйымдастырылады. Әлем қауымдастығының тәжірибесі ескеріледі.

0 пікір
Мұрағат