Араб елі 2025 жылға дейін бір млн автокөлік құрастыруды көздеп отыр. Оның көбісі электромобил болмақ
Араб елі 2025 жылға дейін бір млн автокөлік құрастыруды көздеп отыр. Оның көбісі электромобил болмақ
2 жыл бұрын 2195 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда Мароккада жылына 700 мың автокөлік құрастырылады. Олардың жартысы экспортталады. Бұл жайында azertag.az ақпарат көзі мәлім етеді. Таяу Шығыс институтының соңғы есебіне сәйкес Рабат 2025 жылға қарай өндірісті бір миллион көлікке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, олардың көпшілігі электромобилдер болады. Бұл тарапта 2021 жылдың қараша айында Марокко үкіметі Шығыс Азиядан әкелінетін элементтерді пайдаланып литий-ионды аккумуляторларды елде өндіруді ынталандыру үшін литий-иондық элементтерге импорттық кеден салығын 40 пайыздан 17,5 пайызға дейін төмендетуді ұсынған еді. Марокко билігі бұл бағытта электрмен жүретін көлікке арналған аккумулятор өндіретін жергілікті мегазауыт ашу есебінен автокөлік экожүйесін ұлғайтуды көздейді. Таяуда Марокко үкіметі елді Таяу Шығыс, Шығыс және Солтүстік Африкадағы қоршаған ортаға зияны жоқ «жасыл» көлік тндустриясында көшбасшыға айналдыратын электромобилдерге арналған аккумуляторлар шығаратын мегазауыт салу туралы келісімге жақын арада қол қойылатыны туралы хабарлады. Марокконың өмірлік маңызы жоғары аккумуляторлық минералдар қоры оның электрлі көлік нарығына шығуын тездетеді әрі бл салада көшбасшы елге айналдырады. Таяу Шығыс институтының дерегіне сүйенсек, аталған араб елінің бұл саладағы алдына қойған мақсатына күн және жел, яғни, жаңғыртпалы энергия инфрақұрылымы есебінен жетуге толық әлеуеті жетеді, сондай-ақ, Марокко баламалы энергияны пайдаланатын электр көліктерінің өндірісін арттыру арқылы аймақтағы жетекші елге айналу мүмкіндігі зор.

0 пікір
Мұрағат