Араб елдерінің бірінде шетелдіктердің уақытша елде тұру мерзімі ұзартылды
Араб елдерінің бірінде шетелдіктердің уақытша елде тұру мерзімі ұзартылды
2 сағат бұрын 46 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иордания билігі шетелдік туристердің ел аумағында уақытша тұру мерзімін бір айдан үш айға дейін ұұзарту туралы шешім қабылдады. Тек қызмет бабымен немесе қандай да бір жұмыспен келген шетелдіктер бұл артықшылықты пайдалана алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы Jordan Time ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Меймандар шекара бекетінде үш айға дейін уақытша тұруға рұқсат беретін мөрді ала алады. Бұл шара өз кезегінде уақытша тұру мерзімін ұзарту әуресінен құтқарады. Аталмыш ереже 1973 жыды қабылданған № 24-ші шетелдіктердің елде тұруы мен істері туралы заңға сәйкес қабылданып отыр. Аталған араб елінің ішкі істер министрі Мазен Фарайа мұндай қадамға бұл бағыттағы процедураларды жеңілдету үшін барып отырғанын мәлімдеді. Түпкі мақсат елдің медициналық туризімін жандандыруға саяды. Сырқатына шипа іздеп келген саяхатшылар ойдағыдай әрі толық ем-дом алуы үшін уақыт қажет. Бұдан бөлек, мұндай шешім болашақ инвесторларға да қолайлы жағдай тудырады: олар асықпай елдің мүмкіндігі мен әлеуетін зерттеп, нақты бір шешімке келуіне де уақыт керек.

0 пікір
Мұрағат