|
Араб елдері ортақ виза кеңістігін құруға талпынып жатыр
|
Парсы шығанағындағы араб елдерінің ынтымақтастық кеңесіне кіретін Саудия, Біріккен Араб Әмірлігі, Катар, Бахрейн, Кувейт және Оман Еуропадағы Шенген аймағына ұқсас бірыңғай виза кеңістігін құру мәселесін талқылап жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Атап айтқанда, Дубайда ашылған Arabian Travel Market көрмесі аясында Бахрейннің Туризм министрі Фатима әл-Сайрафи, БАӘ Экономика министрінің орынбасары Абдулла әл Салық және Сауд Арабиясы Туризм басқармасының директоры Фахд Хамидаддин бұл тарапта виза ережелерін бірегейлендіру туралы өзара келіссөздер жүргізді. Егер аталған елдер арасында ортақ виза кеңістігі құрылса, аймақтың туристік әлеуетін арттырмақ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)