|
Араб азаматтарын шетелде мұсылманша киінбеуге шақырды
|
Біріккен Араб Әмірлігінің билігі ел азаматтарына ресми үндеу жариялап, шетелде мұсылманша киінбеуге шақырды. БАӘ билігі әлемде өршіп тұрған исламофобиялық құбылысқа байланысты осындай қадамға баруына тура келген. Яғни, аталған елдің сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, шетелге шыққан ел азамттарының қауіпсіздігіне байланысты осындай шешім қабылдады. Сондай-ақ, осы мәселеге қатысты құжатта айтылғандай, Еуропаның бірқатар елдерінде шариғат шәлісіне, яғни, хиджабқа заң жүзінде тыйым салынған. Айта кетейік, АҚШ-тың Огайо штатында БАӘ азаматын полиция қызметкерлері тұтқындаған болатын. Мұсылманша киінгенінен күдіктеніп. Террористке қатысы жоғы анықталғаннан кейін БАӘ билігінен ресми кешірім сұрады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды