Араб Әмірлігі әлемде алғашқы болып түйе сүтінің стандартын әзірлейді
Араб Әмірлігі әлемде алғашқы болып түйе сүтінің стандартын әзірлейді
24 күн бұрын 466 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Codex Alimentarius (тамақ өнімдеріне қойылатын талаптарға қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық комиссиясы бекіткен халықаралық стандарттар жиынтығы. Стандарттар тұтынушылардың денсаулығын қорғау үшін 1963 жылы құрылған - ред.) комиссиясы тиісті бастаманы мақұлдағаннан кейін Біріккен Араб Әмірліктері пастерленген түйе сүтіне арналған әлемдегі алғашқы халықаралық стандартты әзірлеуге жетекшілік етеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Gulf News ақпарат көзіне жөн сілтеген BUSINESS EMIRATES агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай шешім Codex Alimentarius мүше мемлекеттерінің, халықаралық ұйымдардың және халықаралық тамақ ғылымдары мен технологиялары одағының қолдауымен Римде өткен комиссияның 48-ші сессиясы барысында қабылданды. Осы уақытқа дейін ойсыл қара тұқымы сүтінің халықаралық стандарттың жоқтығы осы саланың коммерциялық дамуын шектеп келген еді. Жаңа стандарт өнім сапасын қамтамасыз етіп, тұтынушыларды қорғайды. Нарықтағы айналымға сәйкес түйе сүтінің жаһандық индустриясының мөлшері 2024 жылы шамамен 1,37 млрд долларжы құрады, ал 2033 жылға қарай орташа жылдық өсім шамамен 4% болғанда 1,93 млрд долларға дейін ұлғаюы мүмкін. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріне әлемдік өндірістің шамамен 40% -ы тиесілі, бұл ретте шипалы ьтүйе сүтіне Еуропа мен Азияда сұраныс артуы ықтимал. БАӘ жыл сайын 7 мың тоннадан астам пастерленген түйе сүтін өндіріп, ішкі қажеттіліктерді толық қамтамасыз етеді және Еуропалық одақты, Қытай мен Америка құрама штаттарды қоса алғанда, жекелеген экспорттық нарықтарға өнім жеткізеді. Халықаралық стандартты енгізу жаңа нарықтарға шығуды жеделдетеді және өндірістің одан ары өсуіне ықпал етеді.

0 пікір
Мұрағат