Араб Әмірлігі 2026 жылға дейін көліктің жаңа түрін енгізеді (видео)
|
Біріккен Араб Әмірлігінің премьер-министрі, Дубай әміршісі Мұхаммед бин Рашид әл Мақтұм Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында Дубай қаласы аумағында ұшатын такси дизайнын бекіткенін хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы The Associated Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дубай жол және көлік агенттігінің лицензиялау агенттігінің бас директоры Ахмет Баһрозианның айтуынша, Дубай халықаралық әуежайында, қала орталығында, Палм-Жумейра жасанды аралында және теңіз айлағында төрт әуе такси стансасы салынады.
Осылай деген ол алғашқы кезеңде әмірлік билігі адам басқаратын көліктерді пайдалана бастайтынын жеткізді. Ұшатын такси ұшқышы мен төрт жолаушыға шақталған көлік түрінде болады. Бұған дейін Дубай билігі автономды көліктерді пайдалану мүмкіндігін қарастырған, алайда, әзірге оларды сынақтан өткізіп жатыр. Ұшатын такси қызметін пайдалану ақысы әдеттегі такис қызметінің ақысына қарағанда 30% жоғары болмақ.