Араб әлеміндегі байлықтың шоғырлану деңгейі шарықтау шегіне жетті
Араб әлеміндегі байлықтың шоғырлану деңгейі шарықтау шегіне жетті
3 жыл бұрын 1807 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мүліктік теңсіздік жұқпалы індет басталғалы бері араб аймағында шарықтау шегіне жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінгі таңда араб әлеміндегі ат төбеліндей дәулеттілер (10 пайыз ауқатты тұрғындар) қолында аймақ байлығының 80 пайызы жинақтаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бейрутта орын тепкен Батыс Азия жөніндегі арнайы экономикалық және әлеуметтік комиссиясы жариялаған баяндамада осындай дерек келтірілген екен. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, аталған өңірдегі ауқаттылар дәулетінің орташа деңгейі 2019 жылдан бері 20 пайызға өскен, ал кедей топтағылардың табысы үштен бірге кеміген. БҰҰ-ның Батыс Азия жөніндегі арнайы экономикалық және әлеуметтік комиссиясының атқарушы хатшысы Рола Дәгһштінің айтуынша, пандемия әлеуметтік теңсіздікті арттырған, дәлірегі, бай мен кедей арасындағы алшақтықты ұлғайтқан, бұдан бөлек, байлықтың аз ғана топтың қолында осыншалықты деңгейде шоғырлануына халықтың әл-ауқаты ескерілмеген салықтық реформа да себеп болған. Бұл тенденция әлеуметтік апатқа апарып соқтыруы ықтимал дабыл қағарлық белгі. Мұндай қауіпті тенденцияны жою әрі алдағы уақытта болдырмау үшін мүліктік және табыс деларациясынан бастап, салық-бюджеттің прогрессивті схемасын батыл енгізу қажет, деп есептейді.

0 пікір
Мұрағат