|
Әр түн сайын мыңдаған үйсіз-күйсіздерді тамақтандырады
|
Әлеуметтанудан дәріс беретін Маһмұт Қараман үйсіз-күйсіздерді тамақтандыру үшін әр түн сайын көшеге шығады. Осы мақсатта, тіпті, жылжымалы асхана да сатып алған. Өз қаражатына. Ол әр түні мыңға жуық үйсіз-күйсіздерді ыстық аспен қамтамасыз етіп келеді. "Ыстамбұлда кем дегенде 5000 адамның баспанасы жоқ. 10 мыңға таяу сириялық босқын далада түнейді. Шамам келгенше оларға көмектескім келеді, алайда, бәріне бірдей шамам келе бермейді",- деді ағынан ақтарылған Маһмұт. Жұбайы да Маһмұттың бір жағына шығысып, мұқтаж отбасыларға қажетті бұйымдарды жинайды. Түрмыстық заттарды сириялық босқындарға таратып жүр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Cаудия барлық шетелдік инвесторға капитал нарығын ашады
■
Мұсылман елі Илон Масктың әлеуметтік желісіне тыйым салады
■
Әлемдегі алғашқы су тұшшыландыратын суасты қондырғысының ең басты артықшылығы неде?
■
Цифрлы дәуір Марокконың діни қайраткерлерін қайта қалыптастыруда
■
Қытайда чат-боттарға эмоциясын білдіруге тыйым салады