"Ақылды" полиция бөлімшесі ашылады
"Ақылды" полиция бөлімшесі ашылады
6 жыл бұрын 2812 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дубай қаласында көп ұзамай ерекше полиция бөлімшесі ашылады. Онда адам отырмайды, яғни, адамсыз жұмыс істейтін бөлімше болайын деп тұр. Дубай полициясы осы жыл ішінде ашылуы тиіс "ақылды" бөлімше үшін Dubai Silicon Oasis Authority (DSOA) ұйымымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. DSOA бұл жобаның барлық аспектісін қарастырып әрі тұрғындардың қажеттілігін ескеріп, "ақылды" бөлімшеге лайықты орын іздестіреді. Ал полиция өз кезегінде орталықты басқаруға қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологияны ұсынатын болады. Дубай полициясының бас қолбасшысы, генерал-майор Абдулла Харифа әл-Марридің айтуынша, бұл орталық тәулік бойы, аптаның барлық күнінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, ол аталған орталық 27 қызмет түрін көрсетеді: жол қозғалысына қатысты, қылмысқа қатысты, т.б. Бұл жоба өз кезегінде әдеттегі полиция бөлімшелеріне шағымданып келетіндердің қарасын шамамен 80 пайызға азайтады. 

0 пікір
Мұрағат