АҚШ университеттерін қаржыландыруда араб елі көш бастады
АҚШ университеттерін қаржыландыруда араб елі көш бастады
44 минут бұрын 20 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының білім беру министрлігі америкалық жоғарғы оқу орындарына қаржы құйған шетелдік мемлекеттер мен ұйымдар мен олардың қаншалықты қаржы аударғаны жайында дерек келтірді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрын тасада қалып келген ақпарат енді жарыққа шығып жатыр. 2025 жылы шетелдік донорлар америкалық жоғары оқу орындарына 5,2 млрд доллардан аса қаржы аударған. 1,2 млрд доллардан астам қаржы аударған Катар қаржыландыру мөлшері бойынша көш бастаған. Одан кейін 633 млн доллармен Ұлыбритания екінші орыннан көрінген және 530 млн долларға жуық қаражатпен Қытай үшінші орынға жайғасқан Жалпы алғанда, 1986 жылдан бастап, АҚШ конгресі осындай келісімшарттар мен қайырмалдықтар бойынша есеп беру талабын енгізгеннен кейін шетелдік көздер АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіне осы уақытқа дейін 67 млрд долларға жуық қаржы салған екен. АҚШ әкімшілігі бұл мәліметтерді нақты қай елдердің немесе олардың аударған қаржы мөлшерін көрсету үшін емес, ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталғанын атап көрсетеді. Есепке қарағанда, АҚШ-тың жетекші техникалық және зерттеу орталықтары шетелдік мемлекеттер мен ұйымдар тарапынан аударылған қаражаттың қомақты бөлігіне ие болған . Негізгі реципиенттер қатарына Карнеги-Меллон университеті, Массачусет технологиялық институты (MIT) және Гарвард университеті кірді. Соның ішінде Карнеги-Меллон университеті өзінің тарихында шетелдік қаржыны иелену көрсеткіші бойынша екінші орынды иеленген. Бірінші орында Гарвард университеті тұр.

0 пікір
Мұрағат