АҚШ-тың тәліптерге "күні қарап" қалды.
АҚШ-тың тәліптерге "күні қарап" қалды.
6 жыл бұрын 4286 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі аттай 17 жылға созылған ауған жеріндегі соғысты тоқтатуға мүдделі және осы мақсатта өздері "террорист" санайтын тәліптер қозғалысының жетекшілерімен келіссөз жүргізуге дайын. Алайда, тәліптер асығар емес. Сол себепті, америкалықтар олармен бейбіт келіссөз жүргізудің жолдарын жатпай-тұрмай іздестіріп жатыр. Бұл жайында АҚШ және Солтүстік Атлант әскери альянсы қарулы күштерінің қолбасшысы, генерал Джон Николсон мәлім етті. «Нью-Йорк Таймс» ақпарат көзі де Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың тәліптермен келіссөз жүргізуге тапсырма бергенін растап отыр. Алайда, қазіргі Ауғанстан билігін заңсыз деп мойындамайтын және АҚШ-тың ауған жеріндегі әскери жорықтары мен операцияларын басқыншылық деп білетін тәліптер ауған жерінен америкалықтар кетпейінше келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеп отыр. АҚШ билігі тәліптер қозғалысымен келіссөз жүргізуге неге мүдделілік танытып отыр? Америкалықтар Орта Азиядан бастау алатын газ және мұнай құбырын көп бөлігін тәліптер қозғалысы бақылайтын Ауғанстан аумағы арқылы тартып, теңізге шығаратын жобаны жүзеге асыруға мүдделі. Ал тәліптер қозғалысы америкалықтардың бұл жобасына кедергі келтруде. 

0 пікір
Мұрағат