АҚШ Түркияны НАТО-дан кетіру мәселесін тағы күн тәртібін шығармақ
АҚШ Түркияны НАТО-дан кетіру мәселесін тағы күн тәртібін шығармақ
2 жыл бұрын 1339 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ Түркияны Ресеймен ынтымақтасқаны үшін Солтүстік Атлант саяси-әскери альянс құрамынан шығаруға күш салады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі әрі кеңесшісі болған Джон Болтон: «Республиканың НАТО-ға мүшелігін қайта қарау Батыстың Анкара мен Мәскеу арасындағы жалғасып келе жатқан ынтымақтастығына берер жауабы болуы керек» деп мәлімдеді. Британдық Telegraph басылымының веб-сайтындағы мақаласында америкалық саясаткер Түркияның Ресеймен арадағы әскери және сауда серіктестігін айыптады. Оның айтуынша, Түркия Украинадағы жағдайға байланысты Батыстың Ресейге қарсы қатаң ұстанымына қосылуы тиіс. Сондай-ақ, Режеп Тайып Ердоған Түркия президенті болып осы жылы қайта сайланса, Түркияны аталған одақ құрамында қалдыру мәселесін қайта қарау керектігін алға тартты.

0 пікір
Мұрағат