АҚШ тағы бір мұсылман халқын геноцидке ұшырады деп мойындады
|
АҚШ билігі Мьянмадағы (Бирмадағы) азшылықты құрайтын рохиниалық мұсылмандарды геноцидке ұшырады деп мойындады. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша АҚШ тағы бір мұсылман халқының басындағы жағдайды геноцид деп мойындап отыр, тағы бір дейтімініз, өткен жылы АҚШ билігі Қытайдың Шыңжаң аймағындағы билік тарапынан репрессияға ұшыраған ұйғыр мұсылмандарын да геноцид деп мойындаған болатын. Оңтүстік-шығыс Азияда мекен ететін рохиниялық мұсылмандар 2017 жылы билі тарапынан қолдау көрген жергілікті будда радикалдары тарапынан қуғын-сүргінге, зорлық-зомбылыққа ұшыраған болатын. Осы қанқұйлы науқаннан 6 мыңға тарта рохиниалық мұсылман опат болды. Бірнеше мыңдаған рохиниалық мұсылман көрші елдерге ағылып, босқын атанды. Қазіргі уақытта халықаралық сот рохиниалық мұсылмандарға қатысты қылмысты қарастырып жатыр.