АҚШ-та өз-өзіне қол жұмсағандар саны соңғы 80 жылда ең жоғары деңгейге жетті
|
2022 жылдың қорытынды есебі бойынша АҚШ-та екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі суицидтің ең жоғары көрсеткіші тіркелді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Associated Press дерек көзіне жөн сілтеген Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, өткен жылы АҚШ-та 50 мыңдай адам, яғни, 49,5 мың адам өз қолымен өз өмірін қиған екен. Сарапшылардың пайымдауынша, бұған көптеген факторлар ықпал еткен, соның ішінде отты қаруға еркін қол жеткізу мүмкіндігі мен күйзеліске бой алдырғандар қарасының көбеюі де бар. 2022 жылы өз-өзіне қол жұмсаған америкалық азаматтар арасында егде жастағылар қарасы көп – 65 жастан асқандар арасында 8% болса, 45-64 жастағылар арасында бұл көрсеткіш - 7%. Керісінше жасөспірімдер арасында суицидке баратындар арасы 8%-ға азайған. Суицид қатері орта және егде жастағы ерлер арасында жоғары. Ал еліміздегі жағдайға келсек, 2022 жылы статистикалық дерек бойынша суицид саны 7%-ға азайған.