АҚШ сұйытылған газбен әлем нарығын қамтуды 75 пайызға жеткізеді
|
АҚШ алдағы бес жыл ішінде сұйытылған табиғи газдың әлем нарығының 75%-ын жаулап алуға қауқарлы. Бұл жайында газ төңірегінде өткен World Gas Conference жиынында халықаралық энергетикалық агенттік жетекшісі Фатых Бирол мәлім етті. Аталған агенттік алдағы бес жылға әлемдегі сұйытылған газға деген 1,6%-дық жылдық сұранысты ескере отырып, болжам жасаған екен. 2017 жылғы 3,74 триллион текше метрден 2023 жылға дейін 4,1 трлн текше метрге дейін өседі сұраныс. Фатых Биролың айтуынша, әлемдік газ нарығын алдағы бес жыл ішінде үш негізгі фактор өз әерін тигізбек: Қытай алдағы ек-үш жыл ішінде аса ірі газ импорттаушы елге айналмақ. Бұдан бөлек, АҚШ-та газды өндіруді әрі экспорттауды арттырмақ. Сондай-ақ, осыған байланысты өнеркәсіп секторы одан ары дамиды әрі оның өнімдеріне сұраныс артады. Қытай тарапынан 2017-2023 жылдар аралығында газға деген сұраныс 60%-ға артады. Яғни, экономикасы көмір энергиясынан бас тартып, экологиялық тиімді газға көшуіне байланысты. Аталған мерзім аралығында Қытайдың газға деген сұранысы әлемдік сұраныстың 37%-ын құрайтын болады.