АҚШ штатында пластик туралы радикалды заң қабылданды
АҚШ штатында пластик туралы радикалды заң қабылданды
2 жыл бұрын 1413 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Калифорния бір жолғы пайдаланылатын пластик туралы радикалды заң қабылдаған алғашқы штат атанды. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заңда штат аумағында 2032 жылға дейін бір реттік пластиктер санын немесе тұтынылу деңгейін 25 пайызға қысқарту әрі барлық пластик бұйымдардың 65 пайызы өңдеу көзделген. Осыған байланысты, дәлірегі, аталған заң талаптарының орындалуын қатамасыз ететін арнайы қор ашылады, ал 2028 жылға қарай пластик қоқыс өңделе бастайды. Бұл заңның талаптары сақталмаған жағдайда пластикті өңдеуге бермеген ұйымдарға 50 мың долларға дейін айыппұл салынады. АҚШ-та пластикпен күресте Калифорния штаты көш бастап тұр. Жыл сайын АҚШ билігі су жолдары мен арналарын және жағажайларды пластик қоқыстан тазартуға 500 млн доллар шығындап келеді. Соған қарамастан АҚШ-та өңдеуден өтетін пластик қоқыстың мөлшері 10 пайызға де жетпейді. Сәуір айында АҚШ-тың ең ірі банктерінің бірі Bank of America 2023 жылдан бастап қайта өңделген пластиктен несиелік және дебеттік карталар жасай бастайтынын хабарлады. Банк жылына 54 миллионға жуық карта шығарады, осылайша ол 235 тоннадан астам пластикті өңдей алады.

0 пікір
Мұрағат