АҚШ Саудияға санкция сала ма
АҚШ Саудияға санкция сала ма
6 жыл бұрын 3177 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі саудиялық оппозициялық бағыттағы тілші Жамал Хашкажының Стамбұл шаһарындағы Саудия елшілігінде қастандықпен өлтірілуіне байланысты тұтас бір елге санкция сала алмасы анық. Біріншіден, Саудия - АҚШ-тың Таяу Шығыстағы жақын одақтасы, екіншіден, Саудия АҚШ-тың қаруын импорттайтын әлемдегі №1-ші ел, үшіншіден, монархиялық билік тұтас бір елдің бет-бейнесі десек те бұл арада Иранның немесе Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы, яғни, жаппай қырып-жоятын қаруы секілді  я болмаса Ресейдің өзге елдердің аумақтық тұтастығына қол сұғатын басқыншылығы секілді ғаламдық қатер төндірген сипаты жоқ. Десе де саудиялық тілшінің өліміне қатысты жекелеген тұлғаларға Ақ үй санкция салуға бел буып отыр. Қазіргі уақытта бұл бағытта АҚШ билігі қажетті ақпаратты жинастырып, тексеріп жатыр. Бұл жайында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлім етті. Осылай дей келе ол саудиялық тілшінің өліміне қатысты тұлғаларды анықтауға бірнеше апта кетенінін де жасырмады. Әлбетте, басты күдікті ретінде тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның аты аталып жүр. Ол саудиялық тілшінің аса қауіпті діни ағымда екенін айтып, ақталып бағуда. Дәлірегі, қастандықпен өлтірілген тілшінің әлемнің кей елдерінде қызметіне тыйым салынған "Мұсылман бауырлар" ұйымына мүше екенін алға тартуда. Әйтсе де тақ мұрагерінің бұл мәлімдемесі әлем қауымдастығын сендіре алған жоқ. Өйткені, саудиялық тілшінің қастандықпен өлтірілуіне бұл жеткілікті дәлел бола алмайды. Екіншіден, әлем қауымдастығы шулаған соң барып қана, яғни, бірнеше күн өткен соң жасалған мұндай мәлімдеменің шынайылығы күмән тудырады. Кейінгі кезде саяси шалыс басып, ағат қадам жасап жүрген тақ мұрагерінен, әсіресе, осы саудиялық тілшінің қастандықпен өлтірілуіне байланысты теріс айналып жатқандар көп. Саяси тұлғаларды былай қойғанда, өзін реформатор ретінде көрсетіп жүрген тақ мұрагерінің көптеген жобасына қаржы құймақ болған бизнес өкілдері де ту сыртын беріп жатыр. Солардың бірі әрі бірегейі көзі тірісінде аты аңызға айналған, осы заманғы технологияның атасы атанған, Microsoft корпорациясының негізін қалаған Билл Гейтс. Ол тақ мұрагерінің елді реформалау бағытында ашқан қайырымдылық қорымен жұмыс істесе алмайтынын (саудиялық тілшінің қастандықпен өлтірілуіне байланысты) мәлімдеді. Билл Гейтс тақ мұрагерінің қайырымдылық қоры арқылы елдегі білім беру саласында инновацияны дамытуға 5 млн доллар бөлуді жоспарлаған еді. 

Фонд пÑинÑа ÐÑÑаммеда болÑÑе не полÑÑÐ¸Ñ Ð´ÐµÐ½ÐµÐ³ Ð¾Ñ Ðилла ÐейÑÑа.

0 пікір
Мұрағат