|
АҚШ Сауд арабиясын Иранға қарсы айдап салды
|
Сауд арабиясының астанасы - Эр-Рияд қаласында өткен араб-америка саммитінде АҚШ президенті Дональд Трамп сөз сөйлеп, араб елдерін Иранға қарсы топтасуға шақырды. Ақ үй қожайының сөзі Сауд арабиясының телеарналарының эфирінен берілді. Араб-Америка саммитіне 55 араб мемлекетінің бетке ұстар тұлғалары қатысты. Айта кету керек, таяуда АҚШ Сауд Арабиясына 350 млрд долларға қару-жарақ сату туралы келісім бекітілген болатын. Аймақтық держава болуға таласқан Сауд арабиясы мен Иранның арасы соңғы жылдары күрт нашарлап кеткен еді. Сауд арабиясының жаппай қарулана бастағанын әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Сарапшылар екі елдің арасында соғыс болатынын да жоққа шығармайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Күллі Африкада интеллектуалды капитал бойынша бірінші орыннан көрінген араб елі
■
Жаһандық электр энергиясын өндірудегі жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесі алғаш рет көмірден асты
■
Күн стансалары шөл далаға “жан бітірді” (видео)
■
Араб елі отаршылдықты қылмысқа жатқызатын заң жобасын талқылап жатыр
■
Цифрлы технология мұсылман елінің экономикасына серпін берді