АҚШ құлдырауға бет алды
АҚШ құлдырауға бет алды
7 жыл бұрын 3826 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Неолиберализм мен нарықтық жүйенің кесірінен Америка құрама штаты күрт құлдырауға бет алды. Бұл жайында америкалық тарихшы, философ, лингвист Ноам Хомский RT ақпарат көзіне берген сұхбатында мәлімдеді. "Біз шығырауға құлдырап барамыз. Нағыз құлдырау нарықтық жүйенің күйреуінен орын алады",- деді ол. Оның айтуынша, АҚШ-та капиталдың, трансұлттық корпорациялардың және қаржы институттарының мүддесі адамдардың мүддесінен жоғары тұратын болды. "Неолиберализм идеологиясы бір қарағанда біздің еркіндігімізді кеңейтуде секілді. Шындап келгенде, ол тирандықты орнатуда",- деп ашына тіл қатты. Ол бұл елде неолиберализмге қарсы шығушыларға маргиналдар және "Америка жауы" деген атақты жапсыратын әдет пайда болғанын да жасырмады. "Егер сіз саяси бағытты сынға алатын болсаңыз, онда сіз "америка жауы" атанасыз". Оның пайымдауынша, бұл диктатураға тән, демократиялық қоғамға емес. 

0 пікір
Мұрағат