АҚШ Құдысқа қатысты әлемді елеңдеткен бір шешімге келді
АҚШ Құдысқа қатысты әлемді елеңдеткен бір шешімге келді
7 жыл бұрын 4204 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мұсылман мемлекеттерінің, соның ішінде, Мысыр, Иордания, Сауд арабиясы, Түркия, Ислам ынтымақтастық ұйымының қатаң ескертуіне қарамастан, ол ол ма, америкалық арнайы қызметтің америкалық азаматтардың өміріне алаңдап, келіспейтіндерін білдірсе де, тіпті, еуропалық елдер де алаңдаушылық танытса да, Таяу шығыстағы қалыптасқан күрделі ахуал одан ары шиеленісітініне қарамастан Ақ үй қожайыны қоныштан басып, Құдысты Изарилдің астанасы деп ресми жарияламаса да еврейлер мемлекетіндегі елшілігін Иерусалимге көшіретінін мәлімдеді. АҚШ билігінің бұл саяси көзсіз әрекеті әлем қауымдастығына Құдысты Израил астанасы ретінде мойындайтынын әйгілеп берді. АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік департаментке елшілікті Құдысқа көшіру туралы тапсырма беріп те үлгерді. Иордания АҚШ-пен арадағы дипломатиялық қатынасты үзу жолдарын қарастырып жатыр. Өзге мұсылман мемлекеттері енді АҚШ-тың бұл қадамына қалай жауап қайтарады? Оны алдағы уақытта білетін боламыз.

0 пікір
Мұрағат