АҚШ өзінің химиялық қаруын жойған әлемдегі соңғы ел болды
АҚШ өзінің химиялық қаруын жойған әлемдегі соңғы ел болды
1 жыл бұрын 881 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Шілде айының 7-і күні АҚШ-та улы зат толтырылған соңғы оқ-дәрі жойылды. Осылайша АҚШ химиялық қаруын жойған әлемдегі соңғы мемлекет болды. Бұл жайында islam.kz порталы New York Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаппай қырып-жоятын қарудың ең қауіпті түрін 1997 жылғы Химиялық қару туралы конвенция күшіне енгеннен кейін 10 жыл ішінде жоюға дайын екенін арсеналында қауіпті қару бар елдердің көпшілігі мәлімдеген еді. Мәселен, Ресей Федерациясы 2017 жылдың қыркүйек айында химиялық қаруын жойды. Ал химиялық қарудың орасан зор қоры бар Америка Құрама Штаттары осы уақытқа дейін оны қауіпсіз жолмен жою процесінің күрделілігін алға тартып келген еді. Негізінде химиялық оқ-дәрі герметикалық камераға орналастырылады, ол жерде алдымен робот құрылғыларының көмегімен бұрғыланады, улы заттан (S) бөледі, артынан кептіреді, ал оқшантайдың іші жуылады. Мәселен, химиялық қару компоненттері - қыша газы арнайы бактериялармен, жүйке газы каустикалық содамен залалсаздырылады. Қалған сұйықтықты отқа жағады. Химиялық қаруды жоюдың ең қауіпсіз технологоиясы – осы. Бұрын ондаған жылдар бойы химиялық қаруды герметикалық контейнерге салып, мұхит түбіне батыратын.

Химоружие

0 пікір
Мұрағат