АҚШ өткен жылы қару-жарақты екі есе көп сатты
АҚШ өткен жылы қару-жарақты екі есе көп сатты
11 ай бұрын 1083 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2023 жылдың қорытындысы бойынша америкалық қорғаныс компаниялары шетелге 81 млрд доллардың қару-жарағын сатқан екен. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 52 млрд доллар болатын. Осылайша америка құрама штаттары 2022 жылғыға қарағанда 56%-ға артық қару экспорттаған. Бұл жайында islam.kz порталы АҚШ мемлекеттік департаментіне жөн сілтеген Politico мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Украинаға қару-жарақ жеткізуге қатысты ірі транзакциялар жетекші рөл атқарған. Ең ірі мәмілелері шамамен 30 миллиард долларға шабуыл және көлік тікұшақтарын сату, сондай-ақ, Полша мен Германияға ұзақ қашықтықтағы зымыран тасығыштарды жеткізумен байланысты болған. Қару-жарақ саудасының қызуын сарапшылар ең алдымен әлемдегі геосаяси ахуалдың күрделі сипат алуымен байланыстырады. Стокголмдегі халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты (SIPRI) 2022 жылы бұл саладағы 100 ірі компанияның қару-жарақ пен әскери қызметтерді сатудан түскен кірісі 597 миллиард долларды құрап, қару саудасынан түсетін табыстың өткен жылмен салыстырғанда 3,5%-ға төмендегенін хабарлады. SIPRI америкалық және еуропалық өндірушілер өз өнімдеріне сұраныстың артуына қарамастан өндірісті айтарлықтай арттыра алмағанын атап өтті.

 

0 пікір
Мұрағат