АҚШ исламофобиямен күрес стратегиясын әзірлейтін болды
АҚШ исламофобиямен күрес стратегиясын әзірлейтін болды
1 жыл бұрын 1113 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: ashishk75

Америка құрама штаттарының билігі тарихта тұңғыш рет ұлттық деңгейде исламофобияға қарсы тұру стратегиясын әзірлейді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ақ үйдің баспасөз қызметінің мәлімдемесіне жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш стратегия Ақ үйге қарасты ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен ішкі саясат жөніндегі кеңес басшылығымен әзірленеді. Құжатта айтылғандай, АҚШ аумағында барлық наным-сенім өкілдері мен діни азшылықты құрайтындар арасында мұсылмандар мен сикхтар ең көп кемсітушілікке әрі шабуылға ұшыраған. «Президент, вице-президент және бүкіл әкімшілік әрбір америкалық азамамттың діни немесе этникалық қудалаудан қорықпай қауіпсіз өмір сүре алуы үшін жұмыс істейтін болады» деп айтылған мәлімдемеде. Оның үстіне, Жо БАйден 2022 жылы исламофобияға, семиттерге қарсы әрекеттерге және өзге де кемсітушілікке қарсы тойтарыс беру үшін ведомствааралық топ құратынын жариялаған еді.

0 пікір
Мұрағат