АҚШ Иранның қолайына жағатын шешім шығарды...
|
АҚШ-тың таяуда сайланған президенті Джо Байденнің пәрменімен Йемендегі Саудия бастаған коалицияның әскери опреацияларына АҚШ тарапынан осы уақытқа дейін көрсетіліп келген қолдауды тоқтатты. АҚШ-тың бұл шешімін Иран билігі жоғары бағалап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ақ үй қожайынының бұл қадамы Таяу Шығыстағы аса күрделі ахуалды одан ары шиеленістірмеудің амалы ретінде қарастырылды. Сарапшылар тарапынан. Әзірге. Осылайша АҚШ Таяу Шығыстағы одақтасы саналатын Саудияны қару-жарақпен жабдықтаудан бас тартып отыр. Табаны күректей 6,5 жылға созылған Йемен жеріндегі соғысқа тікелей мұрындық болған Саудия билігі аталған елді әу баста бірнеше апта ішінде бағындырып, заңды жолмен сайланған сүниттік бағыттағы одақтас елге айналдыруды көздегенін кезінде жазғанбыз, естеріңізде болса «Йемен қасіреті» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/iemen-qasireti-10579/#gsc.tab=0), «Йемен шырғалаңы» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/iemen-shyrgalany-11664/#gsc.tab=0), «Йемен қасіреті» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/iemen-qasireti-10579/#gsc.tab=0), «Йемен шырғалаңы» (жалғасы) – сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/iemen-shyrgalany-jalgasy-10585/#gsc.tab=0, «Соңы көрінбейтін Йемен шырғалаңы» (фото+видео) - http://islam.kz/kk/news/alem/sony-korinbeitin-iemen-shyrgalany-fotovideo-11041/#gsc.tab=0). Алайда, бұл соғыс тым ұзаққа созылып кетті. Ақ үй қожайыны Джо Байден Саудия АҚШ-тың одақтасы болғанымен ең алдымен АҚШ-тың мүддесіне қатысы шамалы әскери операцияға қолдау білдіруден бас тарту арқылы Иранға қатысты саяси жүрісін өзгертуі мүмкін бе? Иранның ядролық бағдарламасына тоқтау салу үшін алдымен Иран билігінің қолайына жағатын қадамдар жасау арқылы. Екіншіден, АҚШ-тың халықаралық геосаясаттағы ықпалын қалпына келтіру үшін алдымен АҚШ-тың халықаралық имиджін қалпына келтіруге бағыттылған қадамдарынан көп жайтты аңғаруға болады. Мәселен, Дональд Трамп кезінде жіберілген өрескел қателіктерді түзету үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына, Париж келісіміне, т.б. аса маңызды бағдарламалар мен бастамаларға қайта қосылуы, мұсылман елдерінің азаматтарына АҚШ-қа келуіне шектеу қою секілді бұрынғы жарлықтардың күшін жоюы бұл сөзімізге дәлел бола алады.