АҚШ генералы С-400 «Триумф» зымыранын қалай жоюға болатынын айтып бергендей болды...
|
Америкалық «Military» мерзімді басылымында АҚШ-тың әскери әуе күштерінің авиациялық қолбасшылығының жетекшісі, генерал Джеймс Майкл Холмстың ресейліктердің әлемге әйгілі әрі қаһарлы қаруына айналған С-400 «Триумф» зениттік зымыран кешенінің қандай қауіп төндіретінін баяндаған мақаласы жарияланыпты. Төртінші буынды аталмыш зымыран жүйесі радиусының ауқымды болуына байланысты оған ұшақтар жақындай алмайды. Яғни, америкалықтардың бесінші буынға жататын F-35 жойғыщ ұшағымен жою мүмкін емес. Біршама тың тәсіл болып табылатын генералдың ұсынысы бойынша аталмыш зымыран жүйесін авиация құралдарының көмегімен емес, құрлық әскерінің күшімен жоюға болады. Бұл арада мұндай әскери жүйелерді жоюмен шұғылданатын арнайы жасақ турасында болып отыруы мүмкін. Десе де генералдың ұсынысы басшылыққа алынса, ол үшін 400 шақырым жол жүруге тура келеді. Аталмыш зымыран жүйесіне жету үшін. Бұл уақытты текке ысырап ету. Avia.pro сарапшысы генералдың ұсынысының ақылға сыймайтындығын жайып салды. Сөз орайы келіп тұрғанда, бұрын да бір айтып өткеніміздей, тағы бір мәрте естеріңізге сала кетсек, артық болмас: көп ұзамай Ресейде С-500 «Прометей» зениттік зымыран кешені пайда болады. Ол әуедегі нысанды, соның ішінде, баллистикалық зымыранды, 600 шақырым қашықтықтан атып түсіре алады.