АҚШ азаматтық соғыстың алдында тұр
АҚШ азаматтық соғыстың алдында тұр
7 жыл бұрын 3532 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы жылдары АҚШ-тағы жікшілдік қатерлі сипат алған. Бұл өз кезегінде аталған елде азаматтық соғыстың тұтануына алып келуі әбден мүмкін. Бұл жайында The Organic Prepper мерзімді басылымы хабар таратты. Нақтырақ және тарқатып айтқанда, әлемдегі № 1-ші алып державаның ішкі ахуалы мәз емес, дәлірегі, зорлық-зомбылық күшейген, әсересе, мұсылмандарға қарсы. Екіншіден вандалдардың әрекеті өршіп келеді. Яғни, шеруге және өзге де наразылық акцияларына жиі шығу және жолындағысын қиратып кету әдетке айналып келеді. Ал америкалықтарға қарсы ақпарат айдынында ымырасыз майдан ашқан ресейлік саясаттанушылардың, дәлірегі, саяси шолушы Дмитрий Косыревтың айтуынша, аталған елде азаматтық соғыс басталып та қойған. Бұл соғыс тек демократиялық құндылықтар үшін жүретін күрестің тасасында бүркеп отыр. 

0 пікір
Мұрағат