АҚШ аумағынан литидің орасан мол қоры табылды
АҚШ аумағынан литидің орасан мол қоры табылды
2 күн бұрын 377 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Геологиялық барлаушы мамандар Америка құрама штаттарының аумағынан табылған, дәлірегі, Арканзастағы литидің кенішін кереметке теңеді. Бұл жайында islam.kz порталы usgs.gov ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, АҚШ геологиялық қызметінің таяуда жүргізген зерттеуі Арканзастың оңтүстікбатыс бөлігінен лития жынысының мол қорын тапты. Табиғатта сирек кездесетін, замануи техниканың негізін құрайтын металл мұнай-газ тұздарынан табылған. USGS директоры Дәуіт (Дэвид) Апплгейт бұл кеніштің зиянсыз энергетика көздеріне, соның ішінде қоршаған ортаға залалы төмен электрлі көліктерге көшуді тездететін маңыздылығын атап өтіп, Американы осы элементтің импортына тәуелділіктен құтқаратынын алға тартты. Аталған кеніштегі стартегиялық маңызы зор аталмыш металл қоры 5-тен 19 млн тоннаға дейін ауытқиды. Бұл қордың мөлшері литиге деген әлемдік сұраныстан шамамен 9 есе асып түседі. 

0 пікір
Мұрағат