АҚШ әскерін Сириядан әкету шартын атады
АҚШ әскерін Сириядан әкету шартын атады
6 жыл бұрын 4555 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қараша айының 20-сы күні АҚШ-тың Таяу Шығыс жөніндегі елшісі Джеймс Джеффри Шам жерінен америкалық сарбаздарды қысқа уақытта шығарудың бір ғана шарты барын мәлімдеді. Бұл шартты атамас бұрын Пентагонның содырлар сойқанынан тамтығы қалмаған Шам жерінде басқа мақсаттарды көздеп келгенін айта кету керек. Атап айтқанда, Башар Асад режимін құлату әрі террористермен күресу. Башар Асадқа тісін батыра алмады, алайда, террористермен соғыс аяқталды. Ендігі жерде Иран әскерін Шам жеріне қууды мақсат етіп отыр, яғни, ирандықтар Шам жерінен кетпейінше америкалық сарбаздар да Шам жерінде қалады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, дәл қазіргі уақытта Сирия аумағында тек АҚШ пен Иранның ғана емес, сонымен қатар, Ресейдің (2011 жылдан бері), Түркияның да әскери базалары орналасқан. Сарапшылар АҚШ қойып отырған шарттың орындалмайтынын алға тартып отыр. Өйткені, қантөгіс орын алған аймақта әр елдің өз саяси әрі стратегиялық мүддесі бар. 

0 пікір
Мұрағат