АҚШ әскері Сирияда мәңгі қалатын болды
АҚШ әскері Сирияда мәңгі қалатын болды
7 жыл бұрын 4725 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі содырлармен соғыс аяқталған соң да Сирияда өз әскерін әкетпейді. Сирияның солтүстігінде жаңа билік құруды жоспарлап отыр. Бұл жайында The Washington Post ақпарат көзі хабар таратты. АҚШ әскері Сирия аумағынан кететін болса, аталған елдің қазіргі билік тізгінін ұстаған Башар Асадтың саяси жеңіске жететіні, ал ол өз кезегінде АҚШ-тың осы аймақтағы стратегиялық мүддесіне қайшы келетіні айтылған. Яғни, Сирияның жақын одақтасы Иранның ықпал ету аймағының ұлғаюына апарып соқтырмақ. Осы себепті, Сирияның солтүстігінде Башар Асадтың билігін мойындамайтын жаңа басқару орталығын құрмақ. АҚШ билігінің өкілдері Сирияның солтүстігінде өз әскерін біржола қалдыратынын мәлім еткен. Аймақтағы ықпалынын айыралмау үшін. Нақтырақ айтқанда, Сирияның демократиялық күштеріне қолдау білдіреді. Бұрын Пентагон жетекшісі Джеймс Мэттис америкалық сарбаздар Сирия аумағында Женева қаласында өтетін бейбіт келіссөзге дейін болатынын мәлімдеген еді. Айта кететіні, Сирия да Ауғанстанның кебін киетін түрі. Сценариі сәл басқаша болғанымен...

0 пікір
Мұрағат