Ақса мешітінің айналасында жалған еврей зираттары пайда болып жатыр
Ақса мешітінің айналасында жалған еврей зираттары пайда болып жатыр
2 жыл бұрын 1888 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Палестина заң шығару кеңесінің Құдыс және әл-Ақса істері жөніндегі комитеті Израил билігін әл-Ақса радиусында «жалған еврей зираттарын қолдан жасауда» деп айыптауда – исі мұсылманның киелі орны мәртебесіне нұқсан келтіру әрі тарихты бұрмалау үшін. Бұл жайында islam.kz порталы Middle East Monitor ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түпкі мақсаты Ақсаны еврейлердің қасиетті орны етіп көрсетуге саяды. Аталмыш комитет жетекшісі Ахмет Әбу Халабиенің айтуынша, жалған зираттарды әл-Құдста еврейлердің тарихи дәлелі ретінде қарастырмақ. «Таяуда басқыншы Израил билігі еврейлердің жүздеген жылдар бойы болғанын «дәлелдейтін» жүздеген құлпытастарды тұрғызды», - деп мәлімдеді депутат. әл-Ақса мешітінің шығысындағы Жабал әз-Зайтунда және ғибадатхананың оңтүстігіндегі Уәди әл-Хилбада 300-ге жуық жаңа құлпытас пайда болған. Депутаттың айтуынша, бұл аумақ қазір «Еврей зираты» деп аталады. Сонымен қатар, 2 жыл бұрын бұл аймақта еврейлердің бірде-бір құлпытасы болмаған.

الاحتلال يزرع آلاف القبور الوهمية حول الحرم القدسي - وكالة ...

0 пікір
Мұрағат