Ақпарат таратушыларды қорғайтын заң қабылданайын деп жатыр
|
Еурокомиссия осы аптаның басында журналистік зерттеу жүргізетін ақпарат таратушыларды, тілшілерді сотпен қудалаудан қорғауға бағытталған заң жобасын ұсынды. Бұл жайында Еурокомиссия жетекшісінің бірінші орынбасары Франс Тиммерманс мәлім етті. Оның айтуынша, жылы өз компаниясының заңсыз әрекеттерін жария еткен тұлғалардың 36% -ы кәсіби тұрғыдан қысым көріп, сотпен қудаланған. Яғни, тұтынушылардың құқығын қорғау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекелестікте шектен шыққандарды тежеу, экологиялық талаптарды бұзушыларға тосқауыл қою, сондай-ақ, қауіпсіздік нормаларын сақтау, соның ішінде, ядролық және көлік саласындағы, мақсатында ақпараттарды жариялаушыларды қорғау үшін осындай қадамға барғалы отырғандарын жеткізді. Директива жобасына сәйкес аталмыш тізімге, сонымен қатар, денсаулық сақтау, жеке мәліметтерді қорғау, қаржы қауіпсіздігі (соның ішінде, салықтан төлеуден жалтару, ақша жымқыру) салалары да кірген. "Егер адам өз ұйымының ішінде ұлттық және еуропалық нормалардың бұзылуына жол берілгенде, оған қарсы тұра алмаса, оған билік орындарына және бұқаралық ақпарат құралдарына тікелей байланысып, заңсыздықтарды жайып салуына жағдай жасауымыз керек",- деді Франс Тиммерманс.