"Ақ қаска" кигендерді кімдердің қаржыландыратыны белгілі болды
|
Интернетте Сирия аумағындағы "Ақ каска" кигендер ұйымын кімдердің қаржыландыратыны туралы ақпарат пайда болды. Мұндай ақпарат таратушылардың сөзіне сенсек, бір көргенде Башар Асад режиміне қарсы сириялықтар ма деп қаласың, алайда, "Ақ каска" кигендер ұйымын бұрынғы британдық офицер, қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесші Джеймс Ле Мезюрье құрған болып шықты. Ол аталмыш ұйымға Асфари есімді британдық миллиардердің зайыбы жетекшілік етеді. Ол бір жағынан "Америка Құрама Штаты - Таяу Шығыстағы жоба" қорының атқарушы комитетін де басқарады. Блогерлердің келтірген дерегіне қарағанда, ақ каскалы жалдамалылардың атын шығару әрі оқыту үшін Ұлыбритания билігі 5 млн-нан аса фунт қаржы бөлген. Алайда, ақ каскадағылардың өздері бұл мәліметті жоққа шығарып отыр. Ақ каскадағылар тек "қайыр-садақадан" түскен қаржыға жұмыс істеп жүргенін мәлімдеді. айта кету керек, бұл ұйымның адамдары Сириядағы химиялық қойылым кезінде бірнеше рет көзге түсіп қалған болатын.