Аптап ыстық құрсақтағы ұрықтың дамуына теріс әсерін тигізеді
Аптап ыстық құрсақтағы ұрықтың дамуына теріс әсерін тигізеді
3 жыл бұрын 2774 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынудың кесірі құрсақтағы ұрықтың дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ауа температурасының көтерілуінен өмірге ауытқуы бар немесе денсаулығында кінәраты бар балалардың көптеп келуіне ықпал етпек. Нью-Йорк университетінің ғалымдары табаны күректей 11 жыл бойы бұл бағытта арнайы үргізген зерттеу нәтижесінде осындай тұжырымға келіп отыр. Аптап ыстық құрсақтағы шарананың жүрегіне кері әсерін тигізеді, соның ішінде жатырдағы ұрықтың жасушаларын зақымдайды. Бұл деструктивті процесс жүктіліктің алғашқы 13 аптасында белсенді жүреді аптап ыстыққа байланысты. Бұдан бөлек, климат өзгерісі болашақ ұрпақтың жыныстық тепе-теңдігін бұзатын болып шықты. Ү-хромосомалы ұрыққа қарағанда қыз баланың шетінеу қатері жоғары.

0 пікір
Мұрағат