|
Антиденеге қатысты аса ірі мәміле жасалды – Қытай биотехнологиясы тағы бір белеске көтерілді
|
Антидене активтеріне қатысты мәмілелер бүгінде әдеттегі лицезиялық мәміле деңгейінен көтеріліп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы аптаның басында ҚытайдыңHarbour BioMed компаниясы Америка құрама штаттарының биотехнологиялық компанияларымен 1,2 млрд доллардан асатын келісім-шартқа отырды. Аталмыш келісім-шарт бойынша Қытай компаниясы ел аумағынан тыс жерде антиденелер әзірлеу әрі коммерциялау (қолданысқа енгізу) мүмкіндігіне ие болады. Осылайша қытай компанияларының бұл нарықта ірі ойыншыға айналуына, халықаралық серіктестік орнатуына мүмкіндік туды. Шанхай компаниясы дүйсенбі күні венчурлік инвесторлар синдикаты құрған Solstice Oncology компаниясымен Қытайдан тыс жерлерде HBM4003 клиникалық кезеңінің активтерін әзірлеу және коммерцияландыру үшін лицензиялық және акционерлік келісім жасасқандығын жариялады. Осы келісімнің негізінде Harbour BioMed компаниясы антидене бойынша жаһандық жетекші бағдарламалардың бірін - HBM4003 бағдарламасына тәжірибелі инвесторлармен бірге атсалыса алады. Аталмыш компанияның антиденелер бағдарламасы ісіктерді жою тиімділігін қамтамасыз етуге және иммунологиялық және қабыну аурулары үшін инновациялық-биологиялық дәрі-дәрмек әзірлейтін болады. Осы айдың басында Қытайдың шығысында орын тепкен Жансу провинциясында орналасқан Innovent Biologics компаниясы бүкіл әлем бойынша онкология мен иммунологияда жаңа дәрі-дәрмектер әзірлеу үшін Eli Lilly-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді. Сондай-ақ, осы айда Fosun Pharma бөлімшесі жапондардың Eisai компаниясының өзінің обырға қарсы дәрі-дәрмегін лицензиялау туралы келісімге қол қойды. АҚШ пен Қытайда жұмыс істейтін клиникалық кезеңдегі биотехнологиялық компания SanegeneBio осы айдың басында ауруларға байланысты гендерге бағытталған тәжірибелік бағдарламалардың бірін ілгерілету үшін швейцариялық Roche трансұлттық тобына кіретін Genentech компаниясымен жаһандық лицензиялық келісімге қол қойды. Өткен жылы қытай дәрі-дәрмек өндірушілері 157 мәміле бойынша 136 миллиард долларға лицензиялау бойынша мәмілелерге қол қойды. Бұл - рекордтық көрсеткіш: 2024 жылғы 51,9 миллиард доллары сомасындағы 94 транзакциямен салыстырғанда.
Ұқсас материалдар:
Фармацевтика мен медицина саласы Қытай экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналады
Жаңа дәрі түрлерін ойлап табуда Азия бойынша алда келе жатқан ел белгілі болды